Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдік әйелдер Алматыдағы боди-массаж салонында жұмыс істеген

Шетелдік әйелдер Алматыдағы боди-массаж салонында жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезөкшелікпен айналысуға арналған жезөкшелер үйі массаж салонының атын жамылып, қаланың Медеу ауданында элиталық секторда жұмыс істеді.

– Оны Ақмола облысынан келген 31 жастағы В. есімді әйел басқарды. Оның Қарағанды, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келгендерді жұмысқа тартқаны анықталды. “Ұжымның” құрамына Өзбекстан мен Ресей Федерациясының азаматтары да кірді. Бұл элиталы үйге кіру оңайға соқпады: тек тұрақты, сенімді клиенттерді ғана ішке кіргізді, тіпті көліктерінің нөмірлерін де ешкім танымас үшін пленкамен жауып тастаған. Боди-массаж кең ауқымды қызмет түрлерін қамтыды: бұл үш қабатты ғимаратта сауна мен спа-салон да бар болатын, – деді Алматы қалалық ПД  бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Салонның иесі – 1990 жылы туған В. есімді әйел полициямен бірнеше рет кездескен, бұрын ол жезөкшелікпен айналысуға арналған жезөкшелер үйін ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл жолы оның әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы бойынша квалификацияланған. Шешім қабылдау үшін өндірістік материалдар сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру