Алматыда ауруханалар мен жеке үйлерде ұрлық жасаған әйел ұсталды
Алматыда ауруханалар мен жеке үйлерде ұрлық жасап жүрген әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бөтеннің мүлкін ұрлау әрекеттерін жасады деген күдікпен 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
– Тергеу анықтағандай, Г.есімді азаматша оқтын-оқтын қылмыстық әрекетпен айналысқан, оның басқа табыстары болмаған. Соңғы кездері емдеу мекемелерінде орын алған ұрлық туралы арыздар жиілеп кетті. Қаскөй кабинеттер мен палаталарға кіріп, «жаман жатқанның» барлығын: ұялы телефондар, әмияндар, түрлі гаджеттерді иемденген. Ал ауруханалардың бірінде ол тонды ұрлап кеткен. Бірнеше эпизод бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Барлық деректер бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қазір күдікті қамауға алынды, — деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Тергеудің осы кезеңінде Г.есімді азаматшаның осыған ұқсас жеті эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Әйел адам ұрланған телефондар мен басқа да гаджеттерді сатып, сатудан түскен ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған.
– Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындап, барлық қылмыстарға қатысы бар екенін растады. Біз күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Істің толық және жан-жақты тергелуін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижесінде бұл қылмыстық іс сотқа жолданатын болады, – деді Аханов.