Алматыда автокөлік бөлшектерін ұрлау деректері азайды
Карантин кезінде Алматы қаласында көліктің салонын және айналарын ұрлау деректері азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс құрылымының 60% -ы ұрлықты құрайды. Сөйте тұра, бөтеннің мүлкін ұрлауды тіркеу 2,2 есеге, оның ішінде пәтер ұрлығы 46,4%, автокөлік ұрлығы 3,5 есе, көлік салонынан ұрлау 2,4 есе, айналардың ұрлығы 4,2 есеге азайды.
– Біреудің мүлкін ұрлауды тез ашу үшін біз, криминалдық полицияның 70%-ын ұрлықты ашуға жұмылдырдық. Ұрланған мүлікті сатып алушыларға қатысты шаралар қолданудамыз. Қазіргі уақытта сатып алушыларға қатысты 109 қылмыстық іс қозғалды, олардың 92-сі сотқа жолданды. Мысалы, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 мамырда П. есімді тұрғын ұсталды. Іздестіру кезінде қораптары мен құжаттары жоқ 211 ұялы телефон тәркіленді. Бұл телефондар ұрланған мүлік базасында ИМЕЙ кодтарына сәйкес тексеріледі. Тәркіленген телефондардың бесеуі өз иелеріне қайтарылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ, спикер ұрлықтардың жалпы санының 25% -ы көбінесе қоғамдық көліктерде немесе аялдама кешендерінде жасалатын қалта ұрлығы екенін атап өтті.
– Қалада 2 мың 017 аялдама пункті бар, олардың барлығында бейнебақылау камералары жоқ. 1 мың 771 қоғамдық көліктер бар, бірақ автобустардың барлығында бейнебақылау камералары орнатылмаған. Қалта ұрлығын алдын алу және азайту үшін біз әкімдікке аялдама кешендерінде және қоғамдық көлік салондарында бейнебақылау камераларын орнату туралы ұсыныс жібердік, бұл жедел жұмысшыларға бейнебақылау камераларын қарау кезінде қалта ұрыларын орнатуға мүмкіндік береді, – деді Қанат Таймерденов.