Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері жоғалған баланың денесін тапты

Атыраулық полиция қызметкерлері жоғалған баланың денесін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 мамыр күні таңертең полиция қызметкерлері баланың денесін үй ауласындағы екі кәріз құдығының бірінен шығарды. Үй иелерінің айтуынша, ол кәріз құдығы пайдаланылмайды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Атырау облысы Полиция департаменті баланың отбасына қайғырып көңіл айтады және іздестіру жұмыстарына ат салысқан тұрғындарға алғыс білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру