Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде көлік басқарған екі атыраулық азаматша жауапкершілікке тартылды

Мереке күндері мас күйде көлік басқарған екі атыраулық азаматша жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының 7-8 күндері Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен мас күйде көлік басқарған екі әйел азаматша анықталды.

Мысалы, 7 наурыз күні сағат 02:30 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Молдағұлова көшесі бойында, “Toyota Ipsum” автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 40 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежеде мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Ал, 8 наурыз күні сағат 05:30 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Вокзал маңы 5 мөлтек ауданынан Toyota Camry автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 39 жастағы әйел жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған.

Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен жеті жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру