Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде көлік басқарған атыраулық бейнекамера көмегімен анықталды

Мас күйінде көлік басқарған 41 жастағы қала тұрғыны бейнекамера көмегімен анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қыркүйек күні сағат 16:55 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамера инспекторлары Бергалиев-Амандосова көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігінің күдікті қозғалысын байқап, сол маңда жүрген патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттаған.

Автокөлік патрульдік полиция қызметкерлерімен дер кезінде тоқтатылып, тексеріс барысында 41 жастағы көлік жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың қорытындысымен оның орта дәрежедегі масаң күйде екендігі белгілі болды.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Енді, аталған азамат сот шешімімен жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру