Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда экспедитор түскен ақшаны қалтасына басып, қашып кетті

Қарағандыда экспедитор түскен ақшаны жымқырып, қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне сауда компанияларының бірінің 34 жастағы директорынан арыз түсті. Ол 24 жастағы экспедитор 45 мың теңге көлемінде түскен ақшаны алып, жұмыс орнынан кетіп қалғанын айтты. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

27 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру