Алматыда бардың жанында төбелес ұйымдастырған азамат ұсталды
Алматыда бардың жанында түнгі төбелесті ұйымдастырған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 сәуірге қараған түні «102» пультіне Панфилов көшесінің бойындағы төбелес туралы хабарлама келіп түскен.
– Іс жүргізу барысында екі жас жігіт арасындағы жанжал төбелеске ұласып кеткені белгілі болды. 38 жастағы С. есімді азамат, 37 жастағы К. есімді азаматтың бетінен бірнеше рет ұрған. Күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тергеліп жатыр. Бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.