Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда базарларда жұмыс жасайтын кәмелетке толмағандар анықталды

Алматыда базарларда жұмыс жасайтын кәмелетке толмағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 19-22 қазан аралығында Алматы қаласы Жетісу ауданында «Отбасы-жасөспірім-көше» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында кәмелетке толмағандар анықталды.

– Аудан аумағындағы елеусіз және қараусыз қалған балаларды анықтау мақсатында бұл күндері базарларда және нарықтарда кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жұмыс жасайтын төрт кәмелетке толмаған балалар анықталды. Белгілі болғандай, 13-16 жастағы балалар Алматыдағы туыстарына қонаққа келген, олар туыстарымен бірге тұрған, олардың барлығы Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Кәмелетке толмағандар базарларда сауда-саттықпен айналысқан. Олар Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына тағайындалды.
Белгілі болғандай, ата-аналары өздерінің кәмелетке толмаған балаларын қашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланып басқа қалаға жіберген. Алайда кәмелетке толмаған балалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ата-анасымен бірге тұруы керек. Осыған байланысты, ата-аналармен бірге ОҒА-ға келген кезде алдын-алу шаралары жүргізіледі, – деді Жетісу ауданы бойынша ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жадыра Желеуқызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру