Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда екі телефон ұрлаған күдікті қолға түсті

Алматыда екі телефон ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы екі ұрлық жасаған күдікті мен ұрланған тауарды сатып алған азаматты ұстады.

– 24 жастағы Г.есімді азамат екі телефон ұрлағаннан кейін ұсталды. Қаскөй Apple iPhone 14 телефонын еркін қол жеткізу арқылы хостелдегі шетелдік азаматтан ұрлап алған. Ал дәл осылай Төлебаев көшесіндегі түнейтін үйден бөтеннің Samsung телефонын ұрлап кеткен. Бірнеше сағаттан кейін «іскер» адам екі гаджетті де сатып жіберген. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицияның арнайы жасақтарының көмегімен ұрланған телефондарды сатып алған азамат ұсталды. Ол – 33 жастағы Н.есімді азамат. Телефондар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Айтпақшы, күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру