Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған
Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
34 жастағы Б.есімді ер адам өзін патрульдік полиция қызметкерлеріне блогер ретінде таныстырып, арандатушылықтар жасамауға және желіде бейнелер орналастырмауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқан.
– Сомма 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Мұны жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар растайды. Күдіктіні қамауға алу қаланың Әуезов ауданында, сұратқан $ 300 алып жатқан кезде жүзеге асырылды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша тергеу амалдары ПД Тергеу басқармасымен жүргізілуде, – деп хабарлады, Алматы қаласы полиция Департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдрахманов.