Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотталған алматылық көліктердің дабылын сканерлеп, салоннан заттар ұрлаған

Бұрын сотталған алматылық
көліктердің дабылын сканерлеп, салоннан заттар ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “ізін суытпай” көлік салонынан ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы Д.есімді ер адамды ұстады.

– Жергілікті тұрғын мүлікті ұрлау туралы арыз жазды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның Mercedes маркалы көлігінің салонына кіріп, жеке заттарын ұрлап кеткен. Жәбірленуші келтірілген шығынды 150 мың теңгеге бағалады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскөйдің ізіне түстік, бірнеше сағаттан кейін ол ұсталды. Күдікті оқиға орнының жанында болып, автокөлік жүргізушісінің заттарын көлікке қалай тастап кеткенін байқағаны анықталды. Көлік иесінің кетуін күткеннен кейін қаскөй кілттің электронды чипін сканерлеу арқылы ұрлық жасап, содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Д.есімді ер адамның бұрын сотталғандығы анықталды, – деді Алмалы АПБ-ның бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта ұсталған адам ұрлық жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру