Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ер адам қайырымдылыққа арналған қораптағы ақшаны қолды қылды

Алматыда ер адам қайырымдылыққа арналған қорапты ашып, сол жерден ақшаны ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы ауданының полициясы анықтағандай, қаскүнем қаланың әр түрлі мешіттерінде жүрген.

– Күдікті – 1990 жылы туған Ж.есімді азамат «ізін суытпай» ұсталды. Арызды алғаннан кейін біз арнайы тергеу-жедел тобын құрып, оңай ақшаның әуесқойын анықтадық. Оның соңғы заңсыз әрекеті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған. Ж.азамат мешітке кіріп, қолдан жасалған құралдармен қорапты ашып, онда ерікті қайырымдылық ретінде дінге сенушілерден алынған 290 мың теңгені ұрлап, қылмыс болған жерден қашып кеткен. Ұсталған адамның айтуынша, ол қылмысты қиын қаржылық жағдайға байланысты жасаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру