Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі уақытта көшеде жүрген 59 жасөспірім полицияға жеткізілді

Ақтөбеде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты болдырмау және алдын алу үшін іс-шара өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ жасөспірімдерге алкогольдік ішімдіктердің, темекі өнімдерін сатудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 20-23 қаңтар аралығында облыс аумағында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізеді.
Нәтижесінде жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция бөліміне 67 кәмелетке толмаған бала, оның ішінде түнгі сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 59 жасөспірім жеткізілді.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 11 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
21 жасқа толмаған жастарға алкоголь өнімін сатқаны үшін екі, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін екі, сағат 22.00-ден кейін кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемесіне заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жібергені үшін үш жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.

ІІО есебіне 24 жасөспірім және 13 қолайсыз отбасы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру