Алматыда ер адамды тонап кеткен екі жігіт ұсталды
Алматылық полицейлер көшеде өтіп бара жатқан адамды тонап кеткен қарақшыларды «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
(Қарақшылар | 0.40 – 2.02)
Оқиға түнде Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы дүкеннің жанында орын алған. Масаң күйдегі ер адамды көрген екі жас жігіт оған күш қолданып, сағаты мен бес мың теңгесін тартып алған.
«Буран-312» патрульдік экипажы тонау туралы шақырту алып, тез арада аумақты тексеруге кірісті. Күдіктілер жеке секторда ұсталды. Жәбірленуші оларды бірден таныды.
Ұсталған екі күдіктінің бірі – бұрын сотталған. Полицейлер олардан жәбірленушінің заттарын тәркіледі. Қарақшылар қазір қамауда.