Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ер адамды тонап кеткен екі жігіт ұсталды

Алматылық полицейлер көшеде өтіп бара жатқан адамды тонап кеткен қарақшыларды “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

(Қарақшылар | 0.40 – 2.02)

Оқиға түнде Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы дүкеннің жанында орын алған. Масаң күйдегі ер адамды көрген екі жас жігіт оған күш қолданып, сағаты мен бес мың теңгесін тартып алған.

“Буран-312” патрульдік экипажы тонау туралы шақырту алып, тез арада аумақты тексеруге кірісті. Күдіктілер жеке секторда ұсталды. Жәбірленуші оларды бірден таныды.

Ұсталған екі күдіктінің бірі – бұрын сотталған. Полицейлер олардан жәбірленушінің заттарын тәркіледі. Қарақшылар қазір қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру