Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткі қылмысын ұйымдастырушы бас бостандығынан айырылды

Алматыда есірткі қылмысын ұйымдастырушы бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясы бұл жағдайды осы жылдың сәуір айында анықтап, жойған болатын.

– Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты – героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі үйін ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасында.

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының үкімімен А.есімді азамат ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 302-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру