Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткі саудасымен айналысқан күдікті әйел ұсталды

Алматыда есірткі саудасымен айналысқан күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 жастағы әйел адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы электрондық ақпараттық ресурстарды қолданып, есірткі заттарын өткізгені үшін ұсталды.

– Ауданымыздың аумағында 27 жастағы К.есімді азаматша ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ерекше иісті ақ түсті ұнтақ заты бар 9 бума табылды және тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,5-тармағы бойынша тіркелді. Сараптама қорытындысы бойынша бұл – психотроптық зат. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру