Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны құрылыс аумағынан фрейзерлік құрылғыны ұрлап кеткен

Шымкент тұрғыны құрылыс аумағынан фрейзерлік құрылғыны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсанда сағат 11:20-да Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында құрылыс аумағынан құны 5 млн теңге тұратын BIGZEE 240 фрейзерлік құрылғыны (станок) белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сұрастыру жұмыстары жүргізіліп, жақын маңайдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды.

Нәтижесінде Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тергеу барысында ұсталған азамат аталған фрейзерлік құрылғыны 5 млн теңгеге сатып үлгергені, сондай-ақ одан түскен қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсап жібергені белгілі болды. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру