Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас жүргізушісі ұсталды

Түркістан облысында мас күйде рөлге отырған ер адам жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті жұмыс күні Мақтаарал АПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі саңғат 00:40 шамасында Атакент кентінің көшелерінің бірінде жарық шамын жақпай келе жатқан ГАЗ 3302 көлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас күйінде көлікті тізгіндеуіне күдік туындап, медициналық куәландырудан өткізілді. Нәтижесінде жүргізушінің ішімдік ішкен күйінде көлік тізгіндегені анықталды.

Аталған дерек бойынша жүгізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Сот қаулысы бойынша жүргізуші 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды. 

Сондай-ақ көліктің жарық шамын жақпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен хаттама толтырылды. Тәртіп сақшыларының кәсібилігінің арқасында оқиға соңы адам шығыны немесе орны толмас қайғылы жағдаймен ұласпай, заң бұзушылық уақытылы тоқтатылды.

Жалпы, 2022 жылы Мақтааралдық полицейлермен мас халде көлік жүргізген 39 жүргізуші анықталып, иісті жауапқа тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру