Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да заңсыз аң аулау фактісі анықталды

СҚО-да заңсыз аң аулау фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қаңтар күні кешкісін рейд барысында Қызылжар ауданында Соколовка поселкелік полиция бөлімшесінің қызметкерлері тексеру үшін Mitsubishi Montero жол талғамайтын көлігін тоқтатқан. Көлік салонында Петропавл қаласының 41 және 38 жастағы тұрғындары болған. Полиция қызметкерлері артқы есікке жұққан қанды байқап қалады. Салоннан арнайы қапшыққа салынған 12-ші калибрлі “АТА-ARMS” тегіс ұңғылы қару мен жануарлардың еті салынған сөмке табылды. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамдар аң аулауға шыққаны, оларда бір қоянды атуға ғана арналған рұқсат қағазы бары белгілі болды.

– Шақыру бойынша келген жедел-тергеу тобы 3 сібір елігінің заңсыз атылған жерін анықтады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қару, оқ-дәрі, жануарлардың еті тәркіленді, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Облыста өткен жылы заңсыз аңшылықтың барлығы 19 фактісі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру