Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ішкі істер органдарына 95 жасөспірім жеткізілді

Алматыда ішкі істер органдарына 95 жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың құқықтарын бұзу деректерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу мақсатында 17-19 ақпан аралығында “Жасөспірім” жалпықалалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз қалудың алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің алып жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде болу деректерін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттер жасауға тартатын ересектерді, балаларды тәрбиелеудегі міндеттерін орындамайтын ата-аналарды анықтау, сонымен қатар, балалар еңбегін пайдалану, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату деректерін анықтау, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

ЖАІ-ның алғашқы күнінде ішкі істер органдарына әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін 95 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін – 81, қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін – 9, Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына қараусыз қалған 7 бала бекітілген. Екі жасөспірім және 8 әлеуеттік осал отбасы анықталып, есепке алынды.

– Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде болғаны үшін 79 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта заңды өкілдердің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдерді ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін ойын-сауық мекемелерінің әкімшілігінің 2 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Сонымен қатар, алкогольдік ішімдіктерді сатудың жеті фактісі, бір темекі өнімдерін сату деректері анықталды. Ерекше назар аударамыз! Ата-аналар өздерінің тарапынан бақылаудың жоқтығы жасөспірімдердің құқық бұзушылықтар жасауына немесе оларға қарсы заңсыз әрекеттер жасауға әкелетінін білуі және түсінуі маңызды. Олардың тәрбиесіне деген жауапкершілікті ұмытпаңыздар, – деді Шонжанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру