Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында сервистік полиция моделін енгізу бағытында қарқынды жұмыс атқарылуда

Түркістан облысында сервистік полиция моделін енгізу бағытында қарқынды жұмыс атқарылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер саласының үлкен жобасы – сервистік полиция. Бірінші кезекте сервистік полиция ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жұртқа жақын полиция” қағидатын іске асыру мақсатында жасалып отыр. Аталған тапсырма өз деңгейінде орындалу үшін ІІМ Е.Тұрғымбаев тарапынан қатаң қадағаланады.

Түркістан облысының полицейлері өткен жылдың қорытындысымен республикалық байқауда дауыс берушілердің пікірі бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрлыбек Асанханов “Қалалық жердегі полицияның үздік учаскелік инспекторы” атанды. Ал Түркістан облысы ПД Келес аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекжігіт Асабаев “Үздік учаскелік полиция инспекторы” деп танылды. Ал Мамырхан Мұсаханов өзіне бекітілген аумақ тұрғындарының көңілінен шыққан нағыз полицей.

Маңызды өзгерістердің бірегейі – стационарлық полиция бекеттері. Олар тәулік бойы қызмет көрсетеді. Облыс аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында адамдар көп шоғырланатын жерлерде жұмыс істеп тұр. Аталмыш бекеттер заманауи техникамен, бейнетіркеуіштермен, радиостанциялармен және планшеттермен жабдықталған. Тағы бір ерекшелігі стационарлық бекеттер сыртқы бейнебақылау камерасымен жабдықталып, Жедел басқару орталығына қосылған. Олар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстың алдын алу бойынша қызмет атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру