Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі адам ұсталды

Алматыда «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл 27-28 жас аралығындағы Алматы облысының екі тұрғыны. Олардың бірі бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған.

– Бұл жолы қаскөйлер қару-жарақ дүкенінің мүлкіне көз салған. 6 қаңтарға қараған түні олар «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонап, одан 5 тегіс ұңғылы мылтық, патрондар мен оқ өтпейтін жиделерді ұрлаған. Күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Заттай айғақтар тәркіленді. Ұсталғандардың басқа да, соның ішінде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде орын алған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 291-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеп жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру