Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда сотталғандар арасында карикатуралар сайысы өтті

Маңғыстауда сотталғандар арасында карикатуралар сайысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде «Әзіл мен шынайылық» атты карикатуралар сайысы өткізілді. Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында өткізілген сайыста сотталғандар түрлі әзілі мен шыны аралас тақырыптарында карикатуралық суреттер салып жарысты.

ГМ-172/6 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыстары бойынша бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор-психологы Камшат Саипованың айтуынша, бұл сайыстың мақсаты – адамның ішкі жан дүниесіне жағымды әсер ету, өзінің жағымды қасиеттерін аша білу, қарым-қатынас үйлесімділігін орнату, сөйлеу мәнерлерін қалыптастыру. Сондай-ақ, сурет салу арқылы жазасын өтеушілер өз пікірлерімен сурет мағынасын ашық айту қабілеттерін және өмірге деген құлшыныстарын арттыра алады.

Карикатуралар сайысында сотталғандар белсенділік танытып, үш үздік деп таңдалған суреттер жүлделі орындарға ие болды. Мекеме басшылығы жеңімпаздарды грамотамен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру