Алматыда кәріз құдығының қақпағын ұрлаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды
Алматыда кәріз құдығының қақпағын ұрлаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, оны 34 жастағы курьер жасаған.
– Тұрғын үй кешенінің аумағында кәріз қақпағының ұрланғаны туралы хабарлама түскеннен кейін бірқатар жедел іс-шаралар жүргізілді. Қаскөй ТҮ мекенжайының аумағына курьер ретінде көлікпен кіргені анықталды. Кенет оның қылмыстық ниеті пайда болды: куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, ер адам шойын қақпағын ұрлап, оны көлікке тиеп, қашып кетеді. Бірақ күдікті оның барлық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын ескермеді, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Жауап алу барысында М.есімді азамат өз әрекетін мойындап, олжаны сатуды жоспарлағанын айтты, өйткені ол бірнеше күн бұрын курьер болып жұмысқа орналасқан және оған ақша шұғыл қажет болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Кәріз қақпағы бұрынғы орнына қайта қойылды.