Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Браконьер” іс-шарасы: Ақтөбе обысында қара қандыағашты заңсыз кескен тұрғын ұсталды

Ақтөбе обысында қара қандыағашты заңсыз кескен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында 27-30 қаңтар аралығында облыс аумағында “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректерінің және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде мобильді топтар табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 215 дерегін анықтады. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 130, балық аулау, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 26 және табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 58 дерегі тіркелді.

Сонымен қатар, полицияның табиғатты қорғау қызметінде экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес маңызды орын алады. Аталған кезеңде ҚР ҚК 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша бір қылмыстық іс қозғалды.

Мысалы, 26 қаңтарда Елек өзенінің жанындағы Россовхоз кентінің маңында белгісіз адамдар қара қандыағашты заңсыз кесумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Учаскелік полиция инспекторымен Ақжар-1 кентінің тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру