Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда «Келімсек» іс-шарасы кезінде 12 қылмыскер ұсталды

Алматыда «Келімсек» іс-шарасы кезінде 12 қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық көші-қон қызметінен бұрын хабарланғандай, 7-16 маусым аралығында шаһар аумағында «Келімсек» республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзуын анықтау.

– Іс-шараның төртінші күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 751 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 459-ы шетелдік азаматтар. Сот шешімімен 43 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін қабылдаушы 262 адам жауапкершілікке тартылды, 30 жұмыс берушіге Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды . Сондай-ақ, іздеуде жүрген 12 қылмыскер іс-шара кезеңінде ұсталды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру