Алматыда көліктен жасалған бірқатар ұрлықтарға күдіктілер ұсталды
Алматыда көліктен жасалған бірқатар ұрлықтарға күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, күдіктілер жалған мемлекеттік нөмірлермен ақ түсті «Нексиямен» қала ішінде жүрген.
– Іздестіру бөлімшесінің қарауында Алматы қаласында бір топ ер адамдар өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырып жатқандығы туралы жедел ақпарат болды, олар техникалық құрылғылардың көмегімен, яғни «басып алушы кодтың» жетілдірілген түрімен, автокөлік пультіндегі мәліметтерді оқып, иелері жоқ болған жағдайда оларды ашқан және бағалы заттарды ұрлаған. Жедел, сондай-ақ қаладағы бейнебақылау жүйелері арқылы күдіктілердің ізіне түсуге мүмкіндік туды. Кеше кешке олардың көлігі Рысқұлов даңғылында бұғатталды. Көлікті тексеру кезінде сканерлеу құрылғысының өзі, бірнеше пышақ және ұялы телефондар табылды. Қазіргі уақытта осы адамдардың есебінен қылмыстық эпизодтар анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар Алматы қаласының Жетісу ауданында және көршілес облыстарда болған ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін. Ұсталғандардың жеке басы тексерілуде, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерік Насырбеков.
Полиция сонымен қатар, заттай айғақтардың алынғанын айтты. «Дэу Нексиа» автокөлігінің нақты кімдікі екендігі тергеу барысында анықталады, оны сотталушылар қылмыстық жолмен де алған болуы мүмкін.