Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түнде жұмыс істеп тұрған сауна анықталды

Шымкент қаласы Самал-2 мөлтек ауданы Ақжайық көшесінде орналасқан “Royal” саунасы 09 қыркүйек түнгі уақытта ашық түрде келушілерді қабылдап, карантин режимін бұзғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің №36 қаулысында көрсетілген шектеулерді елемей жұмыс жасағандықтан, “Royal” сауна әкімшілігінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес шара көру үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру