Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы Полиция департаментінде жолдау жүктеген міндеттер туралы онлайн жиын өтті

Шымкент қаласы Полиция департаментінде жолдау жүктеген міндеттер туралы онлайн жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағыттары басты назарда. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетов “Zoom” онлайн-байланыс арқылы Жолдауда жүктеген міндеттерді жеке құрам назарына жеткізіп, Ішкі істер органдарының қызметін одан әрі желтілдіруге қатысты пікір білдірді.

Атап айтқанда, қылмыстық істерді жүргізуді жетілдіру, учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеру, сыбайластыққа жол бермеу, ашықтық, шынайылық, әділеттік ең басты қағида болуы керектігіне аса назар аударды.

Сондай-ақ Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетов өз сөзінде: – Полиция департаменті қоғам алдында жазалаушы орган боп көрінбейді, керісінше қызмет көрсететін органға айналған десем қателеспеймін. Бұған дәлел жуырда “Instagram” әлеуметтік желісінде Патрульдік полиция полкінің қызметкелері кедергіден өте алмай тұрған мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетті. Сондай-ақ, Т.Рысқұлов және Шаяхметов көшелерінің бойында бұзылып қалған автокөліктерге керек көмектерін берді. Анықтау басқармасының қызметкерлері науқас азаматтарға донор болып қан тапсырып, халықтың алғысына бөленді. Осы секілді алғыстар қазіргі таңда Шымкент қаласының полиция қызметкерлеріне күн сайын артуда, – деп “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының аясында халықпен тиімді кері байланысты орнатуда біршама қадам жасалғанын жеткізді.

Сөз соңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетов жолдауда жүктелген міндеттермен әрбір тәртіп сақшысы етене танысуы қажеттігін айтты.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру