Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған такси жүргізушісі ұсталды

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған такси жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметінің назарына Алматы-1 теміржол вокзалында Тәжікстан азаматы ілікті.

– Тәжікстаннан келген 25 жастағы Ш. есімді азамат Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған. Ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеген, бірақ бұл дерек уақытша еңбек шартында көрсетілмеген. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) хаттама толтырылды. Шетелдікті елден шығару мәселесін шешу үшін материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша жауапкершілікке тартылды. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамға көлікті айдауға бергені үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Полиция 19-25 маусым аралығында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында қала аумағында “Заңсыз келуші” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілгенін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру