Алматыда "Наркостоптың" жас еріктілері кинолог-полицейлердің жұмысымен танысты
Алматыда "Наркостоптың" жас еріктілері кинолог-полицейлердің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полицейлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында кезекті науқан өткізді.
- Атап айтқанда, ҚР ІІМ Кинологиялық орталығында "Наркостоп" еріктілер лигасына экскурсия ұйымдастырылды. Белсенді азаматтық ұстанымы бар ұл-қыздарға қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы және оларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді. Еріктілер кинолог-полицейлердің жұмысымен танысуға және арнайы қорғаныс жеңін киіп, ізкесушілерді оқытуға жеке қатысуға мүмкіндік алды. Қонақтардың бірі қаскөйдің рөлін жақсы сомдады, оны төрт аяқты тәртіп сақшылары ұстады, - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 30 адам қатысқан. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.