Алматыда ойын-сауық мекемелерінен қорқор тәркіленді
Алматыда ойын-сауық мекемелерінен қорқор тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері шаһардың Бостандық ауданында мақсатты іс-шара жүргізді. Түнгі уақытта 20-дан астам ойын-сауық мекемелері тексерілді.
Өткен демалыс күндері барлар, дәмханалар мен клубтар тексерілді. Нәтижесінде 54 жеке және 25 заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 30-дан астам кальян құрылғысы тәркіленді. Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жоспарын жасау кезінде қала тұрғындарынан түскен хабарламаларды ескеріп, көрсетілген аумақтарда болған заң бұзушылықтарға талдау жүргізді.
Жергілікті іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады, әсіресе демалыс және мереке күндері.