Алматыда өтіп бара жатқан адамдарды тонаған азамат қамауға алынды
Алматыда 20 жастағы жігіт өтіп бара жатқан адамдарды тонаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оңай ақша тапқанды ұнататын азаматты Әуезов ауданының полицейлері ұстады.
Жедел уәкілдердің мәліметі бойынша, 20 жастағы К.есімді азамат тонаумен айналысқан: ол негізінен жастарға шабуыл жасап, олардың телефондарын тартып алған.
– Қаскөй әр кезде физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, бұрыш баллонымен қорқытқан. Жалғыз өтіп бара жатқандар қаскөйдің талаптарын сөзсіз орындады. Дәл осындай қылмыстың бірі Ақсай шағын ауданында болды. Адам жоқ жерде ол жасөспірімнің мобильді құрылғысы мен ақшасын тартып алған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ұсталды. Қазір оның жеке басын басқа да тонау әрекеттеріне қатысы бар-жоғына тексеріп жатырмыз. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.