Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Өзбекстаннан келген 25 келімсек Қазақстаннан мәжбүрлеп шығарылды

Алматы қаласында Өзбекстаннан келген 25 келімсек Қазақстаннан мәжбүрлеп шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон полициясы басқармасының мәліметінше, аталған азаматтар сот шешімі бойынша Қазақстаннан өз бетімен шығуы тиіс шетелдіктер. Алайда, олар сот шешімін орындамай, Қазақстанда заңсыз жүруді жалғастырған.

– Өздеріңіз білетіндей, 15-19 ақпан аралығында Алматы қаласында «Келімсек» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шараның мақсаты – бұрын сот шешімімен елден шығарылған шетелдіктердің қайда екенін анықтау және олардың өз Отанындарына оралуын қамтамасыз ету болып табылады. Жедел-алдын алу шарасының үш күнінде көші-қон қызметі қызметкерлері елімізде заңсыз жүрген Өзбекстанның 25 азаматын анықтады, олар бүгін автобусқа отырғызылып, шекараға жіберілді. Сондай-ақ, Өзбекстан консулдығымен бірге олардың арасындағы жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтар құжаттандырылды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Манас Абуов.

Шекараға жеткізілгендердің арасында 34 жастағы Ильнур Ахметжанов та бар. Ер адам үйіне өзі-ақ қуана-қуана кеткісі келетінін айтты.

– Мен Түрксіб ауданында тұрдым. Мен жұмысқа емес, қонаққа келдім. Мені екі жыл бұрын елден шығару туралы шешім қабылданған. Мен бір қызбен бірге тұрдым, ол менің құжаттарымды алып алды, дәл қазір маған сертификат берілді, мен үйге қайтып бара жатырмын, мен бұған өте қуаныштымын. Көші-қон қызметіне рахмет, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру