Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Ертіс сақшылары полицияға 200-ге жуық жасөспірімді жеткізген

Павлодар облысында жыл басынан бері полиция бөлімдеріне түнгі уақытта көшеде ересектерсіз жүрген 200-ге жуық жасөспірім жеткізілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жыл басынан бастап ата-анасыз түнгі “жорыққа” шыққан 200-ге жуық кәмелетке толмаған анықталды. Олардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды дұрыс тәрбиелемегені үшін 22 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері облыс аумағында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.

Осы кезеңде тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ өз балаларын тәрбиелеумен айналыспайтын ата-аналарды анықтау және есепке қою бойынша рейдтер жүргізеді.

Қазір полицейлердің профилактикалық есебінде 143 кәмелетке толмаған және 329 қолайсыз отбасы бақылауда тұр. Бұл адамдармен профилактикалық жұмыстар ұдайы жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталған қаруды және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін басқа да заттарды анықтауға және алуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру