Алматыда пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды
Алматының халық тығыз орналасқан ауданында пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тоңып қалған және аш болған пәтер ұрысы ет ұрламақ болған кезде қолға түсті.
– 34 жастағы Д.есімді азамат Алтын бесік шағын ауданында болған. Үйлердің бірінің ашық тұрған қақпасын байқап, бағалы заттарды іздеп ішке кіреді, тоңазытқыштың да ішін қарайды. Онда бес қап ет болды. Бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау туралы қылмыстық ниет сол мезетте пайда болды. Ет салынған қапшықтарды суырып алып жатқан Д.есімді азамат қылмыс орнында ұсталды. Жауап алу кезінде ұсталған азаматтың тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бар екендігі белгілі болды. Бірнеше сағат бұрын ер адам сол ықшамаудандағы үйге үнсіз кіріп, біреудуң қыстық етігін ұрлап кеткен, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Осы деректер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша бір өндіріске біріктірілді.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Пәтер ұрысының қалада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.