Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды

Көкшетау аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 желтоқсанда WhatsApp мессенджерінің “Көкшетау экскаваторлары” топтық чатында 39 жастағы қала тұрғыны жер қазу жұмыстары кезінде табылған миналардың суреттерін жариялаған.

Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 тот басқан минаны қазып шығарғанын айтты.

Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркіледі, сараптама тағайындалды.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдарында “құпия” деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған, ол аталған жер жұмыстары жүргізілетін аумаққа орналастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру