Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда мәңгілік алау маңынан шыршаларды кесіп әкеткен күдікті ұсталды

Қарағандыда мәңгілік алау маңынан шыршаларды кесіп әкеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 желтоқсан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы Мәңгілік алау маңынан белгісіз біреу екі шырша кесіп әкеткені туралы хабарлама түсті.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Ұсталған күдікті ұрланған шыршаны жаңа жыл қарсаңында сатпақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру