Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда пәтер ұрысы ұсталды

Алматыда пәтер ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын сотты болған 1973 жылы туған У.есімді азамат өткен күні Гагарин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында жедел қызметкерлермен ұсталды.

– Ұстауға бірнеше минут қалғанда сотталушы алматылық қыздың пәтерін тонап кеткен: ол сол жерден алтын бұйымдарды ұрлап, үй иесіне 200 мың теңгеден астам материалдық залал келтірді. Кіре берістен шыға бергенде ол құрықталды. Одан олжа табылып, процессуалдық тәртіппен тәркіленді. Сонымен қатар, тергеу-жедел тобы күдіктіні тексеру кезінде табылған пневматикалық тапаншаны да қылмыстық іс материалдарына тіркеді. У.есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Баяндамашының айтуынша, қазірдің өзінде полицейлерде ұсталған адамның осындай үш ұрлыққа қатысы бар екендігіне сенімді деректер бар. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін жеңіл ақшаға әуесқойдың «қызметтік тізімі» толықтырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру