Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында қыстақтарға шабуыл жасаған екеу ұсталды

Қарағанды облысында қыстақтарға шабуыл жасаған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйек күні Жезқазған қалалық Полиция басқармасына қалаға жақын орналасқан қыстақтардың біріне белгісіз біреулердің шабуыл жасағаны туралы ақпарат түсті. Бірден оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Оқиға орынына жеткен полиция қызметкерлерімен белгісіз екі адамды таңертеңгі сағат 07:30 шамасында қыстаққа келіп, бұзақылық әрекеттер жасап, қыстақтағы 52 жастағы азаматпен оның 23 жастағы баласына дене жарақаттарын келтіріп, оқиға орынынан қашып кеткені анықталды. Дене жарақаттарын алған жәбірленушілердің бірі Жезқазған қалалық ауруханасына жеткізілген. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің УАЗ автокөлігімен жүргені анықталды.

Қылмысты ашу, күдіктілерді анықтау бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 және 35 жастағы екі адам ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 107-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру