Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда патрульдік полицейлер қыз баланы құтқарып қалды

Алматыда патрульдік полицейлер қыз баланы құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға кеше түнде Алматының Алатау ауданында болды. «Буран-003» патрульдік полиция экипажы Әйгерім ықшамауданына автокөлік ұрлығы туралы хабар келіп түскеннен кейін барған. Іс жүзінде бұл жас жұп арасындағы жанжал болып шықты.

– Қыз жігітімен жанжалдасып қалғанын және ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, тез жиналды. Біраз уақыттан кейін ер адамның телефонына қыздан хабарлама келді, онда ол өзін-өзі өлтіремін деп жазған. Ол алыс емес жерде еді, біз оның тұрған жеріне қарай асықтық. Бұл – Рысқұлов даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірі. Бойжеткен өз-өзіне қол жұмсауға бел буған. Біз тез әрекет етуіміз керек екенін түсіндік. Оны тағы да ойлануға көндіре бастадық, содан кейін қолайлы сәт туғанда мен оның қолынан ұстап алдым. Әріптесім Самат Адасқановпен бірге қызды тағы бірнеше секунд ұстап қалдық: ол төмен қарай құламақшы болды, – деді Алматы қаласы ПД патрульдік полиция полкінің инспекторы Ермек Жанис.

Психологтар тұрғынмен әңгімелесіп, мән-жайды анықтауға атсалысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру