Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету сабағы өткізілді

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету сабағы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Келесі тәжірибелік сабақ жауынгерлік бөлімнің таңғы сап түзеуінде өтті.

– Бізге дәстүрлі түрде «Қазақстанның Қызыл жарты айы» ҮЕҰ-ның өкілдері көмектеседі. Олар жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар циклін үнемі өткізеді. Бұл тәжірибелік сабақтар теориялық әдебиеттер мен алғашқы медициналық көмек қобдишаларын таратумен бірге жүреді. Тәжірибеде полиция қызметкерлері зардап шеккендерге немесе босанатын әйелдерге алғашқы медициналық көмек көрсететін жағдайлар кездеседі. Адамдарға зиян тигізбеу үшін оны дұрыс жасау маңызды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сондай-ақ, Алматы полициясы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық айлығы өтіп жатқанын атап өтті.

– Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалауға, дұрыс қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністерді дер кезінде алдын алуға және жолын кесуге баса назар аударады. Сонымен қатар, қоғамдық көліктер арасында жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары күшейтілді, –  деді Е. Ұзабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру