Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Пенчак Силат жекпе-жегінен Қазақстан чемпионаты өтті

Алматыда Пенчак Силат жекпе-жегінен Қазақстан чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жекпе-жек өнері бойынша Пенчак Силат спорттық жарысына 6 мен 45 жас аралығындағы спортшылар қатысты.

– Спорт – бұл денсаулық кепілі, және бұл шараның кез келген есірткі көріністеріне қатысты келіспеушілік позициясы аясында өткенін атап өткен жөн. Жастар «Есірткіге жол жоқ!» дейді және бұл қуантады. Мүмкіндігінше жастарды спортқа және салауатты өмір салтына тарту маңызды. Алматы қаласының полициясы үнемі алдын-алу іс-шараларын жүргізетінін және спорттық науқандарды қолдайтынын атап өткім келеді, – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Чемпионат бағдарламасы барысында Алматы қаласы ПД ЖӘАЖ қызметкерлерінің демонстрациялық қойылымы көрсетілді.
Пенчак Силат – Индонезия архипелагының жекпе-жек өнерінің тарихи түрі, Қазақстан үшін Пенчак Силат жекпе-жектің жаңа түрі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру