Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғынның көлігінен қаруға ұқсас затты анықтады

Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғынның көлігінен қаруға ұқсас затты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызмет атқару барысында жолда күмән тудырған “Mersedes-Bens” маркалы автокөліктің тоқтауын сұраған.

Көлікті тексеру кезінде қаруға ұқсас зат анықталған. Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді. Аталған жайт ағымдағы жылдың 11 қазанында, кешкі сағат 18:00 шамасында орын алған.

Тәртіп сақшылары қаруды қайдан алғанын анықтау мақсатында азаматты Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізген. Тексеру амалдары жүргізілуде. Ал автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Өз кезегінде қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 4 қазан мен 4 қараша аралығында “Қару 2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру