Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында заңсыз мал тасымалдаған 3 жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама түзілді

Түркістан облысында заңсыз мал тасымалдаған үш жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама түзілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен және патрульдік полиция тобымен мал ұрлығының алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Тәртіп сақшылары аталған шара барысында мал тасымалдайтын бірнеше жүк көліктерін тоқтатып, тексеруде. Яғни заңсыз мал тасымалдаған үш бірдей жүк көлігі анықталып, оларға қатысты ӘҚБтК 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама түзілді. 

Толығырақ айта кетсек полицейлер Бәйдібек ауданының маңызды жолдарының бірінде “Газ 53” маркалы көлігін тоқтатты. Оны тексеру барысында Созақ ауданынан мал базарға қарай заңсыз және құжатсыз тасымалданған екі бас сиырды анықтады. Сонымен қатар 15 бас уақ малды заңсыз тасымалдаған “Газель” маркалы жүк көлігі, Ордабасы ауданынан бет алған бір бас жылқыны заңсыз тасымалдаған “Камаз” маркалы жүк көлігі анықталды.

Осы тұста полиция қызметкерлері тұрғындарға өз малдарына ие болуды ескертеді. Сондай-ақ малдарды сату не болмаса тасымалдау үшін, ветеринария қызметкерлерінен тиесілі анықтаманы алуды ұмытпаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру