Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыста тұрғынның қойларын ұрлап, сатып жіберген ұры қолға түсті

Түркістан облысында өзгенің екі қойын жымқырып, сатып, ақшасын құмар ойынға жұмсаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен арыз түскен. Онда жәбірленуші азаматша түнгі уақытта өзінің ауласында орналасқан қорасынан белгісіз азамат екі бас қойын жасырын ұрлап кеткендігі туралы көрсетілген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңгеге жуық.

Аталған дерек ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Хабар түсісімен полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, Орын алған жайтты ашуға бағытталған шараларды бастап кетті. Қораны толығымен шолып шығып, күдік тудырған заттарға мән берді. Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті азаматтың түр-тұлғасын анықтады. Тәртіп сақшыларының жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азамат Шымкент қаласы көшелерінің бірінен ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Полиция қызметкерлері оны бірден ПБ-ға жеткізіп, тергеу амалдарын жүргізді. Сондай-ақ оның бұдан басқа тағыда бірнеше жайттарға қатысы бары белгілі болды. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тергеу барысында анықтайтын болады.

Белгілі болғандай күдікті азамат тұрғындардың шырт ұйқыда жатқанын пайдаланып, қойларды біртіндеп алып шыққан. Содан соң өзі жалдап келген таксиге салып, бірден Шымкент қаласына қарай бет алған. Осылайша ұрланған малдарды бірден мал базарға алып барып сатып жіберген. Ал оңай жолмен келген ақшаны құмар ойындарына жұмсаған.

Сондықтан полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді: малдарыңызды жайылымдарда қараусыз қалдырмаңыздар. Қора-қопсыны мықтап қоршап, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға тапсырыңыз! Үй жануарларын дер кезінде таңбалап, сырғалаңыз! Ұрының сіздің салғырттығыңызды пайдаланып, малыңызды иемденіп кетуіне мүмкіндік бермеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру