Алматыда полицейлер балалармен бір күнді қалай өткізді
Алматыда полицейлер балалармен бір күнді өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы полиция департаменті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы “Полиция – балалардың қорғаны” атты ауқымды имидждік жобаны жүзеге асыруда.
Жоба аясында қаланың полиция бөлімдерінде жас алматылықтар арасында қазақша күрес, шахмат және шағын футболдан спорттық турнирлер өтуде.
Белсенді мектеп оқушылары, спорт секцияларының тәрбиеленушілері, жас жол инспекторлары, сонымен қатар полиция қызметкерлерінің балалары қатысуда.
— Біз балалардың бала кезінен түсінгенін қалаймыз: полиция қорғау үшін жаныңда. Спорт, сенімді қарым-қатынас арқылы біз Заңды құрметтеуді, дұрыс мінез-құлық үлгісін, балалардың бойында жауапкершілік пен әділдік сезімін қалыптастырамыз, — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.
Іс-шара тәлімгерлер, мұғалімдер және ата-аналардың қатысуымен жылы, мерекелік жағдайда өтуде.
Бұл жоба - ішкі істер министрі жариялаған Профилактика жылы аясындағы Алматы полициясының жұмысының бір бөлігі. Оның басты мақсаты – құқық тәртібін қорғау ғана емес, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғаммен және отбасымен әріптестікті дамыту.