Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер сериялық ұрыны ұстады

Алматыда полицейлер сериялық ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 20 жастағы жігіт кілт таңдау арқылы азаматтардың үйлеріне кіріп, ол жақтан құнды дүниелерді алып кеткен. Күдікті соңғы рет ұрлықты қала орталығында жасаған. Келтірілген шығын 700 мың теңгені құрады.

- Қаскөй тұрғын үйге күндіз, үй иелері жұмыста болған кезде кірген. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның бірдей төрт эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді. Күдікті өз ісін мойындады. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілеріне сәйкес бір өндіріске біріктірілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның жеке басы қаланың барлық аудандарында және Алматы облысында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, - деді Медеу аудандық ПБ басшысы Дәурен Өтебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру